Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға қанша стипендия бөлінді

Опубликовано:

"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды
Көрнекі сурет: adyrna.kz

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды.

1055 стипендияның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Тағы 500 стипендия «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша берілді.

Бұл санат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931118-biyl-bolasaq-bagdarlamasymen-setelde-oquga-qansa-stipendiya-bolindi/

pixel