Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдық жігіт танысудан бас тартқан қыздың телефонын тартып алған

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда полицейлер бойжеткеннің қолындағы смартфонын тартып әкеткен жігітті ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне түнгі сағат 1.00 шамасында Петропавлдың Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің маңында белгісіз ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып әкеткені туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде күдіктіні анықтайды. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Сол күні кешке ер адам Интернационал көшесіндегі дәмханалардың бірінен шығып, вокзалға қарай бет алған бойжеткенді көрген.

Онымен таныспақ болған мас жігіт Сәтбаев көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне дейін жеткен, кейін қыздың қолындағы смартфонын тарып алып, кетіп қалған.

Келесі күні оны екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

Қазіргі уақытта бұл факті «тонау» бабы бойынша тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931136-petropavldyq-zigit-tanysudan-bas-tartqan-qyzdyn-telefonyn-tartyp-algan/

pixel