Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 19 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Евгения
Фото: Instagram / pso_dos.kst_

Қостанай облысында 19 жастағы ару жоғалып кетті. Оның табылмай жатқанына екі аптаның жүзі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бойжеткеннің жоғалғаны туралы хабарландыру Instagram-дағы "Дос" іздестіру-құтқару тобының парақшасында пайда болды.

Еріктілердің мәліметінше, 25 тамызда 19 жастағы Евгения Казачук Денисовский ауданы Перелески ауылындағы жұмысынан шығып, үйіне жетпеген.

Сол күйі хабарсыз кеткен бойжеткенді жақындарының таба алмай отырғанына екі аптадай болған.

Евгения Казачуктың үстінде жоғалған күні қызыл футболка, сұр жемпір, қара трико мен аяғында сұр кроссовка болған. Ерекше белгілері - қолында тату бар, дене бітімі орташа, бойы 150 сантиметр, қоңыр көзді және шашы ашық қоңыр.

Бойжеткеннің қайда екенін білетіндер болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: + 7-707-197-18 48, + 7-700-974-43 46 немесе 102.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде 17 жастағы студенттің табылмай жатқанын хабарлаған едік. 6 қыркүйек күні үйінен колледждегі оқуына шығып кеткен Сымбат Сабыров сол күйі қайтып оралмаған.

Жоғалған күні Сымбат Сабыров ақ көйлек, қара шалбар мен қара туфли киген.

Одан бөлек, Қызылордада көшеде адасып кеткен 4 жасар баланың табылғанын, сонымен қатар, Ақтөбеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған алты жасар қыз баланың табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931156-qostanai-oblysynda-19-zastagy-boizetken-eki-apta-boiy-tabylmai-zatyr/

pixel