RU

Жамбыл облысындағы шенеунік өлімі: Марқұм қайтыс болар алдында тергеуге шақыртылған

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысы Қаратау қаласында өлі күйінде табылған шенеуніктің көлігінен қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақыртылған қағаз табылған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Анықталғандай, мемлекеттік қызметкер өлер алдында тергеуге барған.

Жол бойына қалдырылған оның көлігінен жол жөндеуге қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырылғаны туралы қағаз табылған.

Телеарна тілшілері бұл жайтқа қатысты Талас ауданы әкімдігінен пікір білдіруді сұраған. Алайда әкімдік болған оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан.

Еске сала кетсек, 8 қыркүйекте Талас ауданы әкімдігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген ер адамның өлі күйде табылғанын жазған едік.

Оның денесі аудан орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінен табылған. Полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша марқұм өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өзіне оқ атқан.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931172-zambyl-oblysyndagy-seneuniktin-olimi-marqum-qaitys-bolar-aldynda-tergeuge-saqyrtylgan/