Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин коронавирустың "йота" штамы қаншалықты қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "йота" штамы қаншалықты қауіпті екенін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, "йота" штамы қарт адамдар арасында коронавирустан қайтыс болу деңгейін арттыруы мүмкін.

"Йота" өткен жылдың қарашасында Нью-Йоркте табылған. Оның жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15 пайыз жоғары. Бүгінде қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көптеген мәліметтер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді", - дейді Жандарбек Бекшин.

Ол "дельта" штамының жұқпалылығы Ухань штамынан үш есе жоғары екенін айта кетті. Сондықтан қазіргі уақытта коронавирустың "дельта" штамы "йота" штамына қарағанда қауіптірек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеген еді.

Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі. Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгерген соң 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған.

"Му" алғаш рет Колумбияда 2021 жылдың қаңтарында тіркелген. Содан бері инфекция әлемнің талай түкпіріне таралып үлгерген. Олардың арасында, Ұлыбритания, АҚШ, Гонконг, Еуроодақ елдері бар.

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясын дертпен ауырып шыққандар да, вакцина салдырғандар да жұқтыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931236-zandarbek-beksin-koronavirustyn-iota-stamy-qansalyqty-qauipti-ekenin-aitty/

pixel