Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз маңындағы жарылыстан жоғалған азаматты іздеуге ата-анасы мен жақындары шықты

Опубликовано:

Бауыржан Дәуітбаевтың ата-анасы мен әскерилер
Фото: NUR.KZ

Бүгін 26 тамызда оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған әскери бөлімнің қасына Байзақ ауданының тұрғындары мен жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары жиналды. Адамдардың мұнда келгендегі мақсаты – жоғалған ер адамды іздеп табу деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоғалғандардың туыстары осы күнге дейін іздеу жұмыстары жалғасып жатқан әскери бөлімге келді. Олар атқарылып жатқан жұмыстың қарқынына наразы. Себебі жақындарының табылмай жатқанына екі апта уақыт өткен.

"Жарылыстардан кейін олар әлі де барлық бетон плиталардың астын тексерген жоқ. Оқиға орнында тек бір кран мен күрек ұстаған төрт жігіт жұмыс істеп жатыр. Бәрін тезірек алып тастау керек. Үйінділерді тезірек тазалау үшін неліктен адамды көбірек алдырып, 3-4 кран жұмылдырмайды екен?", – дейді туыстары ашуланып.

Жамбыл облысындағы іздеу жұмыстары
Фото: NUR.KZ

Жиналғандарға әскери бөлімнің өкілдері шықты. Содан соң өкілдер алдымен бұл аумақты миналардан тазарту және барлау жұмыстарын толық жүргізу қажет екендігі айтылды.

Іздеу жұмыстары
Фото: NUR.KZ

"Оқиға хронологиясын сұрау және қалпына келтіру арқылы кімнің және қайда болуы мүмкін екені анықталды, кіші сержант Дәуітбаев қайда болғаны анықталды, іздестіру жұмыстары өте қарқынды жүргізілуде.

Жұмыс таңғы 7-де басталады. Адамдар әр жерді қарап шығады. Сол уақытта техника жұмыс жасай бастайды. Біздің мамандардың есептеулері мен кіші сержантты соңғы рет көрген әскери қызметшілердің сұхбаттары бойынша, жарылыстар кезінде ол эпицентрдің бір жерінде болған", – деді Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.

Бауыржан Дәуітбаевтың ата-анасы мен әскерилер
Фото: NUR.KZ

Нәтижесінде Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі мен анасына оқ өтпейтін кеудеше мен каска кигізілді, содан кейін олар жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жүріп жатқан жерге жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931250-taraz-manyndagy-zarylystan-zogalgan-azamatty-izdeuge-ata-anasy-men-zaqyndary-syqty/

pixel