Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Lexus апатқа ұшырады: Көлік ішінде отырған жолаушы көз жұмды (видео)

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Ақмола облысы ПД

Ақтөбеде адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды. Lexus көлігі мен "Газ-278814" соқтығысуы салдарынан жол талғамайтын көліктің жолаушысы салоннан құлап кеткен. Бұл туралы өңірлік полиция департментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қыркүйекте сағат шамамен 06.30-да Lexus 470 көлігінің жүргізушісі Курсант тас жолы бойымен 41-разъезд жақтан Зинченко көшесі бағытында, кедендік басқару ғимаратына қарама-қарсы бағытта келе жатып, алдындағы көлікті басып озбақ болған.

Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан "Газ-278814" көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты кезінде Lexus-тың 29 жастағы жүргізушісі салоннан жол жиегіне құлап кеткен. Оны Ақтөбе Жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда жолаушы алған жарақатынан есін жимастан көз жұмған.

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Ақтөбе облысы ПД

Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Дегенмен полицейлер кешенді іздеу іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде 28 жастағы ер адамды ұсталды. Анықталғандай, ол осы жылдың мамыр айында жүргізуші куәлігінен айырылған.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931251-aqtobede-lexus-apatqa-usyrady-kolik-isinde-otyrgan-zolausy-koz-zumdy-video/

pixel