Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық тас жолдардың қанша шақырымы ақылы болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте республикалық тас жолдардың қанша шақырымы ақылы болатынын жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, жылдың соңына дейін 1,8 мың шақырым болатын I категориялы учаскелерде ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары мен ақауларды жою шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру көзделген", - деді Берік Қамалиев.

Вице-министр автомобиль жолдарының әрбір ақылы учаскесінде қолданыстағы баламалы бағыттар, оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдар бар екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, "ақылы жолдарды енгізу – жалпыәлемдік тәжірибеге сәйкес келетін дұрыс шешім". Ақылы автожолдарды нормативтік күтіп ұстау енгізілуде, аталған жүйе шығындарды толық көлемде жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өткім келеді. 2025 жылға дейін ақылылық жүйесін республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931268-respublikalyq-tas-zoldardyn-qansa-saqyrymy-aqyly-bolady/

pixel