RU

Қазақстанда оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқи алады

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Кирилл Брага

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова оқушылардың қай уақытта қашықтан оқи алатынын айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Біріншіден, білім мекемелері білім және ғылым министрлігінің тиісті әдістемелік ұстанымдарын оқу жылының басына дейін алды. Бүгінгі күні бірнеше жағдай бойынша қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Біріншіден, оқушы ауырып қалса немесе ауырған адамдармен байланыста болса, онда бала қашықтан білім алады", - деді вице-министр.

Мәселен, сыныпта бір бала ауырып қалса, онда сынып 14 күнге карантинге жіберіледі. Бұл жағдайда мектеп сыныптың оқу процесін қашықтан ұйымдастырады. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс синхронды және асинхронды форматта жүргізіледі.

Осы орайда Шолпан Каринова мұғалімдер тиісті білім платформасын пайдаланып, нақты уақытта оқуды ұйымдастыра алатынын жеткізді.

Одан бөлек, кей сабақтарды асинхронды форматта түсіндіре алады.

"Егер ата-аналар баласының үй жағдайында оқытылсын деп өтініш жазса, онда балаға мектеп тарапынан оқулық үлестіріледі, оқу бағдарламалары беріледі және тиісті білім платформасымен қамтамасыз етіліп, электронды журнал арқылы мұғаліммен кері байланыс жасауына жағдай жасалады", - деді білім және ғылым министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931270-qazaqstanda-oqusylar-qandai-zagdaida-qasyqtan-oqi-alady/