Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Талдықорғандағы арнайы операцияның видеосын көрсетті

Опубликовано:

Күдікті
Видеодан алынған кадр: Алматы облысы ПД

Талдықорғанда полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі сатушысын ұстады. 29 жастағы ер адам синтетикалық есірткі санатына жататын "меф" деп аталатын затты сатты деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған адамда жалпы салмағы 0,89 грамм болатын ұнтақты зат бар екені анықталды. Сараптама оның мефедрон екенін көрсетті.

"Мефедронға тәуелділіктен пайда болатын бірінші нәрсе – психоз бен депрессия. Көбісінің суицидтік үрдістері бар, мазасыздық, жүйке шаршауы, визуалды галлюцинация, шизофрения және жедел психоз.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство сонымен қатар Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынының Іле ауданында ұсталғанын хабарлады. Бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған ер адам психотроптық заттарды насихаттау және заңсыз жарнамалау бойынша күдікті деп танылды.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде аэрозольды бояулар, трафареттер, жарнама бланкілері мен шприцтер тәркіленді.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931290-policiya-taldyqorgandagy-arnaiy-operaciyanyn-videosyn-korsetti/

pixel