Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

Опубликовано:

Вакцина
Фото: primeminister.kz

Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

"Vero Cell Sinopharm вакцинасының (ДДСҰ мақұлдаған) 3 миллион дозасындағы кезекті партиясы Қазақстанға келіп түсті", - деп жазды Алексей Цой.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алынатындығын айтқан еді.

"Қазірдің өзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында біркелген бірқатар вакцинаны сатып алғанымызды атап өткен жөн. Олар: Қытайдың Sinovac компаниясы өндірген CoronaVac, Sinopharm компаниясы өндірген VeroCell вакциналары. Бұған қоса, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр" , - деді Алексей Цой.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта тасымалдауға, жеткізу кестесіне және келісімшартқа қол қоюға қатысты мәселелер пысықталып жатыр.

"Бұған қоса, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинамен басқарылатын аурулардан халықты иммунизациялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931312-qazaqstanga-koronavirusqa-qarsy-vakcinanyn-tagy-3-million-dozasy-zetkizildi/

pixel