Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Темір басына тиген": Қостанайда әткеншек қирап, 8 жастағы қыз бала жарақат алды

Опубликовано:

аю11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз бала жарақат алды. Осы оқиға бойынша полиция соталды тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сафуан Жампейісовке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 8 жасар қыз бала әткеншек теппек болғанда ол қирап, қыздың басына темір тиген.

Қостанай облысының тұрғыны қызым жарақат алды деп полицияға арызданған.

"Осыған қатысты Қостанай облысының полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 306-бабына ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) сәйкес жүргізіліп жатыр", - дейді Сафуан Жампейісов.

Тергеу барысында кінәлілер анықталып, кемшілікті жою ұсынылған.

Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Степногор қаласында алты жасар балаға ойын алаңындағы темір конструкция құлап кетіп, бас сүйегі жарылған еді.

Одан бөлек, Алматыдағы аквапарктердің бірінде баланың басына темір киім ілгіш құлап кеткен болатын.

Сонымен қатар, Алматыда 5 жасар баланың үстіне футбол алаңының қақпасы құлап кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931334-temir-basyn-tigen-qostanaida-temir-atkensek-qirap-8-zastagy-qyz-bala-zaraqat-aldy/

pixel