Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік жүреді: Синоптиктер 10 қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

үсік жүреді
Көрнекі фото: tolqyn.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстіктің таулы аудандарында, еліміздің орталық өңірлерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с дейін күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысындағы жекелеген аудандарда тұман күтіледі.

Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін жетіп, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, батысында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таңертең және күндіз таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, батыста, солтүстікте, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік күтіледі, Қарағанды облысының солтүстігінде топырақта 2 градус үсік сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931347-usik-zuredi-sinoptikter-10-qyrkuiekke-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel