Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік апатынан екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында Әуезов ауданында болған.

"Subaru" мен "Mitsubishi" көліктері соғылып, салдарынан "Mitsubishi" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан.

Сонымен қатар тағы бес адам түрлі дене жарақатын алды.

Тәртіп сақшылары бұл дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін жеткізді.

"Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша апат хронологиясы шығады. Сол арқылы тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге болады",- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931400-almatyda-kolik-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/

pixel