Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, апта соңында еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон келеді. Соның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде ауа райы салқындайды. Десе де жауын-шашын күтілмейді дейді синоптиктер.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде -1 градусқа дейін суытады. Ал күндіз 15-27 градустан 20-30 градусқа дейін жылы болады.

Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3 +13 градустан -1 градусқа дейін суытады. Ал күндізгі уақытта 12-23 градус жылы болады деп күтілуде.

Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде +3+13 градустан -3 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 10-20 градус жылы болмақ.

Шығыста түнде +5+13 градустан сынап бағанасы -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 17-25 градус жылы болады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931462-demalys-kunderi-elimizdin-basym-boliginde-kun-suytady/

pixel