Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эфирде аузын "пластрьмен" жауып алып отырған депутат көрермендерді таңырқатты

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: youtube.com/Вадим Рабинович

"Оппозиция платформасы – өмір үшін" партиясының мүшесі, Украинаның Жоғарғы Радасының депутаты Вадим Рабинович ток-шоу эфирінде аузына "пластырь" жапсырып отырған. Осылайша, ол елде жабылған телеарналардың журналистеріне тілектес екенін білдіргісі келген деп хабарлайды Радио Sputnik.

Депутат шоуға шақырғаны үшін арна өкілдеріне алғысын білдірді.

Рабиновичтің айтуынша, Украинада биліктің әрекетін сынға алған төрт телеарнаның жұмысына тыйым салынған. Қазір бір жарым мың адам жұмыссыз отыр.

"Наразылық белгісі ретінде бағдарлама бойы ауызымды жапсырмамен жауып отырамын. Қазір елдің 9/10 осылай отыр", – дейді Вадим Рабинович.

Еске сала кетсек, биыл 2 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де "112 Украина", NewsOne және ZIK телеарналарына және олардың иесі, "Оппозиция платформасы – Өмір үшін" партиясының мүшесі Тарас Козакқа санкция салу туралы шешім қабылданғанын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931512-tok-souda-auzyn-plastrmen-zauyp-alyp-otyrgan-deputat-korermenderdi-tanyrqatty/

pixel