RU

Сәдуақас Байғабылов: Ауғанстаннан келген қандастардың ешқайсынан коронавирус табылған жоқ

дерт-індет7
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанға Ауғанстаннан келген қандастарымыздың ешқайсынан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлығы теріс", - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

Оларды Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласына жеткізді.

Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланған болатын.

Кейін қандастарымыздың елге келу сәтінен видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931514-saduaqas-baigabylov-auganstannan-kelgen-qandastardyn-esqaisynan-koronavirus-tabylgan-zoq/