Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзбояушылық жасайсыздар": Өмірзақ Шөкеев аймақтың көгалдандыру жұмысын тексерді

Опубликовано:

Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшылармен
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларымен бірге облыс орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ясауи көшесінің бойындағы желілік саябақ құрылысымен танысып, мердігерлермен кездесті.

Жалпы ауданы 11 гектарды құрайтын демалыс аймағы құрылысының бірінші кезеңі қараша айына дейін аяқталмақ.

Саябаққа талаптарға сай жаңа орындықтар, диодты шамдар орнатылады. Көшеттер, гүлдер отырғызылып, көгалдандырылып, абаттандырылуда.

Облыс орталығын көгалдандыру аясында жасыл аумақ ұлғайып, суару жүйесі жетілдірілуде. Бұл бағытта атқарылған істер барысымен танысқан өңір басшысы жауапты басшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Жайбасарлықтан жұмыстың оңбайтынын айтып, көзбояушылыққа барғандарды қатаң сынға алды.

"Бұл жерге мен болмасам келмейсіңдер. Өткендегі болған нәрсе, әлі де сол күйі тұр. Ешқандай алға басу жоқ. Мен келеді дегенде 5-6 адам шақырып алып, көзбояушылық жасайсыздар. Бұлай болмайды", – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931525-kozboyausylyq-zasaisyzdar-omirzaq-sokeev-aimaqtyn-kogaldandyru-zumysyn-tekserdi/

pixel