Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері жеңілдетілді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиева жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес елордада карантин шектеулері жеңілдетілді. Құжат қалалық СЭБД ресми сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап жексенбі күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер жұмыс істейтін болады. Ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намаз", күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) өткізуге рұқсат етіледі.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Толық мәтінді мына жерден оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931530-nur-sultanda-karantin-sekteuleri-zenildetildi/

pixel