Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Cиноптиктер 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен бүгін Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауады.

Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал, дейді синоптиктер.

Сонымен қатар, таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ауа райын болжаушылар Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, күндіз көптеген аумағында желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін екенін жасырған жоқ.

Олардың дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады, дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931540-qazaqstanda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel