Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алған деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" жедел арнасына қоңырау шалған 69 жастағы азамат Бейбітшілік аралынан снарядқа ұқсас зат тауып алғанын жеткізген.

Хабар алысымен оқиға орнына тәртіп сақшыларының жедел келіп жеткені белгілі болды.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді", - деді ведомство.

Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931567-semeide-seruenge-syqqan-zeinetker-snaryad-tauyp-aldy/

pixel