RU

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (видео)

Павлодар
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолға түскен қылмыстық топтың құрамында 10 адам болған.

"Әр топ мүшесі белгілі жұмысты атқарғае, яғни рөлі болды: бірі ұрылар, екіншісі сатушылар, қажетті құжаттарды жинағандардар бар, сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірген. Қазіргі кезде қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің Екібастұз қаласында қолға түскен жеткізді.

Тексеру барысында ВАЗ 21099 маркалы жеңіл көлікпен сиыр етінің бір ұшасы, металл электронды таразы, ал Audi маркалы транспорттан ветеринариялық анықтамалар алынды.

"Қаскүнемдер келесі схема бойынша әрекет етті: аптасына бір рет, демалыс күндеріне жақын Екібастұз ауданының ірі шаруа қожалықтарының бірінен екі бас ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері қала базарларында және үйде ет өнімдерін сатқан.

Анықталғандай, күдіктілер бұрын ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері болған, сондықтан олардың етті өткізуі азаматтарда күдік тудырмаған", – деді Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қолға түскендердің Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Одан бөлек, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931570-pavlodar-oblysynda-mal-urlaumen-ainalysqan-qylmystyq-top-ustaldy-video/