RU

Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды

Жарылыс
Кадр: Instagram / tarazlive.kz

Бүгін Жамбыл облысында жарылыс салдарынан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол елордадағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілген болатын.

Осылайша, Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті.

"Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, 6 Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі және бір әскери прокурор. Жоғалған бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Одан бөлек, 29 тамыз елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931578-zambyldagy-zarylys-tagy-bir-ort-sondirusi-qaitys-boldy/