Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cоңғы деректер шықты: Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

12 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан облысы "жасыл аймақта".

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3575 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 839 499-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931612-congy-derekter-syqty-qazaqstannyn-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-saryga-auysty/

pixel