Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дәрігер ұшақта халі нашарлаған егде жастағы жолаушының өмірін сақтап қалды

Опубликовано:

Эльмира Алиева
Эльмира Алиева. Фото: facebook.com / Александр Цой

Қазақстандық дәрігер, онколог-маммолог Эльмира Алиева ұшақ бортында жағдайы нашарлаған егде жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл оқиғаны өзінің Facebook парақшасында қазақстандық блогер Александр Цой айтып берді. Оның сөзінше, оқиға 28 тамызда Алматыдан Антальяға ұшқан Turkish Airline компаниясының ұшағында болған.

"Ұшқанымызға үш сағат болған кезде стюардессалар абыржи бастады. Ұшқыш болса бортта медицина қызметкерлері бар-жоғын сұрап, хабарландыру жасады. Анықталғандай, біздің егде жастағы отандасымыздың жағдайы нашарлаған. Оның жүрегі жиі соғып, қолдары жансызданып, тұншыға бастаған.

Өтініш жасалған соң Эльмира бірден көмек көрсетті. Экипажда тонометр мен пульсоксиметр болды. Қан қысымы жоғары, ал сатурациясы керісінше төмен болды.

Стюардессалар маскасы бар оттегі баллонын әкелді. Эльмира әйелге қан қысымын төмендететін препарат беріп, қолына массаж жасап, дем алуы үшін баллонға қосты", - дейді блогер.

Александр Цойдың сөзінше, әуежайға жеткенше төрт сағат бойы дәрігер науқастың жанында болған. Ұшақтан түсер кезде оны жедел жәрдем көлігі күтіп алған.

"Медицина қызметкерлері науқасты қарап, қауіптің сейілгенін анықтады. Әйелдің жағдайы жақсарып, оған қонақ үйге баруға рұқсат етілді", - деді блогер.

Эльмира Алиева - 15 жылдың тәжірибесі бар онколог-маммолог. Тұрмысқа шыққан, үш баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931623-qazaqstandyq-dariger-usaqta-egde-zastagy-zolausynyn-omirin-saqtap-qaldy/

pixel