Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада футболшылар төбелесті: Полиция болған жайтқа пікір білдірді

Опубликовано:

Футбол алаңы
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында өткен футбол турнирінде ойыншылар арасында төбелес шықты. Аталған оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешелі бері әлеуметтік желіде футболшылардың ойын барысындағы төбелесі тарап жатыр.

"11 қыркүйек күні Тұран даңғылындағы "Сайран Арена" футбол алаңында "San Set" және "Барыс" әуесқой футбол клубы арасында жоспарланған матч өтті. Ойын барысында футболшылар арасында жанжал туындаған.

Орын алған оқиғаға қатысты полицияға хабарлама келіп түскен соң, жанғалға қатыстылар "Есіл" аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалалық ПД-нің мәліметінше, іс сотқа жөнелтілді. Және жанжалға қатыстылармен профилактикалық әңгіме өткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931635-elordada-futbolsylar-tobelesti-policiya-bolgan-zaitqa-pikir-bildirdi/

pixel