Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақ өртке оранды, қаза тапқандар бар (фото, видео)

Опубликовано:

L-410 ұшағы11
L-410 ұшағы. Фото/: MARUNA LYSTSEVSA/TASS

Ресейде 12 қыркүйек күні L-410 жолаушылар ұшағы Иркутск облысындағы тайгаға апатты жағдайда қонған. Ұшақ жерге қона салысымен өртке оранған деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бортта 16 адам яғни экипаждың 2 мүшесі мен 14 жолаушы болған.

Әуе апаты салдарынан 4 адам қаза тапқан. 12 адам жарақат алған. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар жеткен. Кей жолаушылар бортта кептеліп, шыға алмай қалған, олардың шығуына құтқарушылар көмектескен.

Иркутск облысының билігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде. Тағы бір әйел тексеруден өтіп, үйіне жіберілген.

Ресей Тергеу комитеті әуе апатына байланысты қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сондай-ақ, басылым 15 қыркүйек күні ұшақ апатына байланысты Иркутск облысында аза тұту күні деп жарияланғанын хабарлады. Сонымен қатар, билік ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион рубльден, зардап шеккендерге 500 мың рубльден төлейтінін мәлімдеген.

Айта кетейік, L-410 - жергілікті өңірлерге арналған қос моторлы ұшақ. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында Чехословакияның Let кәсіпорнында жасалған. Ұшақ коммерциялық қолданысқа 1973 жылдан бастап берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931655-reseide-apatty-zagdaida-qongan-usaq-ortke-orandy-qaza-tapqandar-bar-foto-video/

pixel