Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Telegram / krispitdk

Талдықорған мен Үштөбе арасындағы тас жолда екі көліктің соқтығысуынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео мен суреттер таралуда. Кадрлардан тас-талқан болған екі жеңіл көлікті байқауға болады.

Жол апаты Талдықорған-Үштөбе тас жолында болғанын Алматы облысының полиция департаменті растап отыр. Мекеменің мәліметінше, жол апатынан 6 адам зардап шеккен, олардың екеуі қайтыс болған.

Жол апаты
Фото: Telegram / krispitdk

"Жол апаты 12 қыркүйек күні 19.15-те Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-ші шақырымында болды. Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарымен Toyota-ның төрт жолаушысы Үштөбе қаласының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты
Фото: Telegram / krispitdk

Полиция оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) қозғалған қылмыстық тергеу барысында анықталатынын мәлімдеді.

Жол апаты
Фото: Telegram / krispitdk

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931659-almaty-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-4-adam-zaraqat-alyp-2-adam-qaza-tapty-video/

pixel