Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны үш мыңға дейін азайды
Опубликовано:

12 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер шықты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 3 088 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 325
- Алматы қаласы - 719
- Шымкент қаласы - 95
- Ақмола облысы - 194
- Ақтөбе облысы - 140
- Алматы облысы - 218
- Атырау облысы - 86
- Шығыс Қазақстан облысы - 158
- Жамбыл облысы - 58
- Батыс Қазақстан облысы - 69
- Қарағанды облысы - 379
- Қостанай облысы - 159
- Қызылорда облысы - 51
- Маңғыстау облысы - 123
- Павлодар облысы - 204
- Солтүстік Қазақстан облысы - 73
- Түркістан облысы - 37.
Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 842 587-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 959 адам аурудан жазылып шыққан.
Қазір 78 512 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1 276 адамның жағдайы ауыр, 340 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 196 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931661-719-y-almatydan-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtalgany-belgili-boldy/