RU

Қарағандыда ер адамның сүйегі табылды

1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда ер адамның сүйегі табылды. Оның кім екені әлі нақты анықталған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Патриот" Telegram- каналына сілтеме жасап.

"Адамның сүйегі табылды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесінде марқұмның кім екені белгілі болмақ. Сүйектің жанында із-түзсіз жоғалғандар қатарындағы ер адамның құжаттары болды", - деп хабарлаған Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Патриот" Telegram-каналына.

Сонымен қатар, сараптамадан кейін марқұмның өлімі нақты неден болғаны да анықталмақ. Егер мамандар кісі өлтірудің ізін байқаса, іздестіру ісі "Кісі өлтіру" бабына ауыстырылады.

Telegram-каналдың мәліметінше, марқұмның жанынан табылған құжаттар жергілікті кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген 27 жастағы Қасымхан Жұмашевқа тиесілі. Ол полицияда із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған.

Қасымхан Жұмашевтан 2020 жылдың 26 тамызынан бері хабар жоқ. Ол туыстарына досының үйінде болатынын айтқан. Алайда, жолдасының үйіне бармаған. Телефоны сол күннен бастап өшірулі тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 25 тамыз күні жұмыстан шыққан соң із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі табылған еді.

Полицейлер бойжеткеннің денесін оның жұмыс орнынан 150 метр жердегі орман алқабынан тапқан. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Соның нәтижесінде өлім себебі анықталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931682-qaragandyda-tamyz-aiynda-zogalyp-ketken-azamattyn-suiegi-tabyldy/