Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда келіншек ет турап жатып, өзін жаралап алды

Опубликовано:

Ет
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда саяжайда ет турап жатқан келіншек байқаусызда өзін жаралап алды. Ол аурухананың хирургиялық бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департментінің дерегінше, оқыс оқиға "Строитель" бау-бақшасындағы саяжайлардың бірінде болған.

11 қыркүйек күні келіншек кешкі ас дайындайын деп, әлі ери қоймаған етті турай бастаған.

"36 жастағы келіншек мұздатылған етті бөле бастағанда байқаусызда өзіне пышақ жарақатын салған", - дейді өңірлік полиция департаменінің баспасөз қызметінен.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы кешкі сағат 23:00 шамасында әйелдің хирургиялық бөлімге жеткізілгенін хабарлады. Оның кеуде қуысына зақым келген.

Қазіргі уақытта пациенттің денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында есірткі сақтаған күдіктіні тергеуге жеткізу барысында учаскелік инспектор пышақ жарақатын алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931719-pavlodarda-kelinsek-et-turap-zatyp-ozine-zaralap-aldy/

pixel