Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер коронавирустың неліктен бірде өршіп, бірде төмендейтінін түсіндірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова онлайн-брифингте вирустың таралуы неліктен бірде төмендеп, бірде ұлғайып отыратынын түсіндірді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, бұл карантиндік шектеу шараларымен байланысты.

"Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу, локдаун жариялағанда вирустың таралуы төмендегенін көрдік. Кейін карантин талаптарын жеңілдеткенде вирустың таралуы қайта өрши түседі.

Бір байқағанымыз әлеуметтік қашықтықты сақтаған сайын науқастар саны азая түседі. Тамыз айынан бастап вирус жұқтырушылар саны төмендеді, бұл вакцина алушылар санының артуымен байланысты", - дейді Динара Маханбетқұлова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қалалық №8 емхананың профилактикалық бөлімшесінің скрининг дәрігері Анар Асубекова коронавируспен ауырған соң дәм мен иіс сезу қабілетін қалай қалыпқа келтіруге болатынын жеткізді.

"Коронавирус жұқтырған науқастың өкпесі қабынған кезде, шырышты қабаттың ісінуі пайда болады. Салдарынан иіс сезу жүйкесі зақымданып, біраз уақытқа дейін адамда иіс сезу, дәм сезу нашарлап тұрады. Тіпті мүлдем сезбей қалады. Бұл ісіну кеткеннен кейін ақырындап қана орнына келеді.

Порцесті жылдамдату үшін мұрынды тұзды сумен немесе арнайы ерітінділермен күнделікті шайып отыру керек. Ал ісіну аздап басылғаннан кейін хош иісті заттарды иіскеп, жүйке функциясын қайтадан қалпына келтіруге болады", - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931751-dariger-koronavirustyn-nelikten-birde-orsip-birde-tomendeitinin-tusindirdi/

pixel