Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде екі градус үсік жүріп, күн суытады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың солтүстік аймақтарында 14-16 қыркүйекте салқын және желді ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның атмосфералық фронтальді бөліктері ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус болады. Ал күндіз сынап бағанасы 20-28 градустан 15-20 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус болады, ал 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүруі ықтимал. Күндіз 15-25 градус жылы болады.

Орталықта және шығыста 3-12 градус жылы болып, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді. Күндіз 13-23-тен 20-28 градусқа дейін күн жылынады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері күздің қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын назарға ұсынған еді. Мамандар қыркүйектің екінші онкүндігінің басында суық антициклонның әсерінен елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасының төмендеуі күтілетінін болжаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931754-aldagy-us-kunde-elimizde-eki-gradus-usik-zurip-kun-suytady/

pixel