Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін тағы бір кәсіпорын іске қосылды

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты деп хабарлайды primeminister.kz.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта бұл кәсіпорын — білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі.

БҚПҒЗИ "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.

Көрнекі
Фото: primeminister.kz

Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында "QazVac" вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Антиген" ҒӨК "OtarBioPharm" ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген "QazVac" қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931764-elimizde-koronavirusqa-qarsy-vakcina-ondiretin-tagy-bir-kasiporyn-iske-qosyldy/

pixel