Қарағанды облысында музыка мектеп-интернатында балаларды үйіне жібермейтіні рас па
Опубликовано:

Instagram желісінде Қарағандыда музыкалық мектеп-интернаты оқушыларын демалыс күндері үйіне жібермейтіні туралы хабарлама жарияланды. Оны мектеп оқушыларының бірінің ата-анасы жазған екен деп хабарлайды Stopfake.kz.
Хабарлама авторының айтуынша, сынып жетекшісі карантинге байланысты балалар күзгі демалысқа дейін үйіне жіберілмейтінін айтқан. Ал Қарағандыда тұратын балалардың бір бөлігі күн сайын барып-келіп тұрады.
Мектеп басшылығы өтініш берілген сәтте мұндай шаралар қабылданбағанын хабарлады. Алайда мекеме жауабында карантиндік шаралар күшейтілген жағдайда интернат жабық жұмыс режиміне ауысуы мүмкін екені айтылған.
"Кейбір ата-анаға қате ақпарат берілген. Қазіргі кезде интернат штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 3 қыркүйек, жұма күні, барлық балалар ата-аналарының өтінішімен балалар үйіне жіберілді. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда интернат жабық режимге көшеді, бұл уақытша шара болады", – делінген хабарламада.
Демек, Қарағандыда музыка мектеп-интернатының оқушыларды үйлеріне жібермейтіні туралы ақпарат – фейк.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931767-qaragandy-oblysynda-muzyka-mektep-internatynda-balalardy-uiine-zibermeitini-ras-pa/