Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцина мидың бұзылуына әкеліп соғады": Желіде тараған ақпарат жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: РИА Новости / Густаво Вальенте

Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакциналар мидың бұзылуына әкеп соқтыратыны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл көпшіліктің талқысына түсуде. Алайда мамандар ақпараттың жалған екенін жеткізді деп хабарлайды Stopfake.kz.

Видеода дәрігер Райан Коул коронавирустың спайк-ақуызы қауіпті токсин деп мәлімдейді.

Екпеге қарсылығын білдіретін ол бұған дейін де иммундаудың зияны туралы негізсіз және ашық жалған мәлімдемелер жасаған болатын.

Мәселен, ағымдағы жылдың шілде айында оның КВИ қарсы вакциналардан болатын өлім-жітім соңғы 20 жылдағы барлық басқа вакциналардан болған өлім-жітімге қарағанда көп екендігі туралы тезисін теріске шығарылған еді.

Вакциналардағы спайк ақуызының уыттылығы туралы теория да шындыққа сәйкес келмейді. Бұған дейін оны доктор Байрам Брайд айтқан болатын. Ол таратқан мифтерді шетелдік фактчекерлер жоққа шығарды.

Шын мәнінде, спайк-ақуыз – бұл коронавирустың бетіндегі "тікенек". Патоген осы ақуыздар арқылы жасушаға енеді. Ақуыздың өзі ауру тудырмайды.

COVID-19-ға қарсы вакциналарда SARS-CoV-2 коронавирусының спайк-ақуызы жоқ. Олардың құрамына тек осы ақуызды кодтайтын ген ғана кіреді.

QazVac және CoronaVac сияқты инактивтендірілген вакциналардағы вирустың өзі де, оның ақуыздары да адамға зиян тигізбейді, өйткені препараттағы патоген "өлтірілген" және көбейе алмайды.

Вакциналардың құрамына кіретін спайк-протеиннің уыттылығы туралы теориялар нақты вирустың спайк-ақуызын зерттеуге негізделген.

Ғалымдардың бірнеше еңбегінде мұндай ақуыздардың қан тамырлары мен өкпе тіндеріне әсер етуі, тіпті тышқандарда гематоэнцефалитикалық тосқауыл арқылы өтуі мүмкін екендігі рас деп айтылған.

Алайда, бұл адам вирусты ауа тамшы жолдарымен жұқтырған кезде ғана болады. Бұл ретте ағза көптеген спайк-ақуыздан тұратын тұтас өлтірілмеген және әлсіздендірілмеген вирусқа тап болады. Екпе салдырған жағдайда адамға белсенді емес вирусты немесе спайк-ақуызды кодтайтын жеке ген егіледі.

КВИ қарсы вакциналар мидың бұзылуына әкелетіні туралы теориялар Facebook әлеуметтік желісіндегі әзіл ақпаратқа негізделген. Пайдаланушылардың бірі қастандық теорияларын жақтаушылармен әзілдемек болып, препарат миға зақым келтіруі мүмкін деген "ескерту жапсырмасы" бар вакцина қаптамасының суретін жариялаған.

"Бүгінгі таңда әлемде 3,21 миллиард адам тұрады. Олардың 2,21 миллиарды препараттың екі дозасымен егілген. Бірақ мидың бұзылу жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Демек, вакцинация мидың бұзылуына әкеледі деген пікірлер өтірік. Олар жоққа шығарылған қастандық теориясына және пайдаланушылар шын деп қабылдаған әзілге негізделген" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931784-vakcina-midyn-buzyluyna-akelip-sogady-zelide-taragan-aqparat-zurttyn-zaresin-aldy/

pixel