Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 244 сынып карантинге жабылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында 244 сынып карантинге жабылып, 3 мыңға жуық оқушы екі аптаға оқшауланды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов растап отыр.

Оның сөзінше, Жетісу жерінде 422 оқушы короновирус жұқтырған.

Сонымен қатар өңір аумағында осы уақытқа дейін 40 мыңға жуық мұғалім екпе алған. Бұдан бөлек, Батыржан Байжұманов балаларға вацина салу мәселесі әлі шешімін таппағанын жеткізді.

"Балаларға вакцина салу мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз ата-аналардан ешқандай дерек жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында балалардың  жеке мәліметін жинап жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған ақпар деп ойлаймын. Қалай болғанда да, бұл мәлімет расталған жоқ. Егер ондай жұмыс жүргізілген болса, барлық аймақта солай болар еді ғой. Бүгін балаларды вакциналау мәселесі туындап тұрған жоқ", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931787-almaty-oblysynda-244-synyp-karantinge-zabyldy/

pixel