Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында той жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодағы кадр: t.me/krispitdk

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Оқиға отбасылық мереке кезінде болғаны атап өтілді. Видеоға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоға жазылған пікірде Алматы облысы Іле ауданындағы тойдың соңы төбелеске ұласқаны көрсетілген.

"Ағалар мен әпкелерден бөлек, ата-әжелер де төбелескендерге араша түсуге тырысты", – делінген хабарламада.

Алматы облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта Іле ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тексеру шараларын жүргізуде.

"Междуреченское ауылында болған жаппай төбелестің егжей-тегжейі мен мән-жайы анықталуда, оқиғаның барлық қатысушылары анықталып жатыр.

Сонымен қатар, бұл факт бойынша ешкім полицияға шағымданған жоқ, ешкім дене жарақатымен ауруханаға бармаған. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады", – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931791-almaty-oblysynda-toi-zappai-tobelespen-ayaqtaldy-video/

pixel