Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушы ұсталғаннан кейін қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

қаржы пирамидасы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Ресейде ұсталды деп хабарлады Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Әбдірахмановтың айтуынша, Кирилл Доронин көрші мемлекетте ұсталған.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Finiko қаржы пирамидасы салымшылардың қаражатын жинаған. Өз кезегінде олар құрбандарына ақшаларын қор биржаларында, криптовалюта нарығында және әртүрлі сауда платформаларына ойынға салынған инвестиция үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынды.

Анықталғандай, Finiko инвестициялық қызметпен айналыспаған. Осылайша, салымшылар алданып қалған.

Finiko қаржылық пирамидасының негізін қалаушылардың әрекеттерінен зардап шеккен қазақстандықтардан Алматы қаласының полиция департаментіне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Finiko компаниясы қаржы пирамидасы болып шыққанын жазған едік.

Finiko пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ" платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады.

Мамандардың айтуынша, аталған компания "жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы" болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931807-almaty-policiyasy-finiko-qarzy-piramidasynyn-negizin-qalausy-ustalgannan-keiin-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel