Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көлікті тонап кеткен 26 жастағы қыз ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды қаласында әйел адам көлікті тонап кеткен деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласының полиция басқармасы криминалдық полициясының қызметкерлері меншік қылмыстарының алдын алу бойынша жедел іс-шаралар өткізді.

Олар бұған дейін ұрлық жасағанын мойындаған 26 жастағы әйелді қолға түсірді.

Анықталғандай, 28 тамызда күдікті базарлардың бірінде болған кезде қараусыз қалған көліктің салонына кіріп, ақшасы бар әмиянды ұрлаған.

Полиция жәбірленушіні анықтады. Ол 57 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Азаматқа келтірілген залалдың мөлшерін 131 мың теңгеге бағалады.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931818-qaragandyda-kolikti-tonap-ketken-26-zastagy-qyz-ustaldy/

pixel