Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында тас жолда болған көлік апатынан екі адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Ақтөбе облысы ПД

Бүгін таңертең Ақтөбе облысының тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Екі адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 13 қыркүйекте таңғы сағат 6.45-те Самара-Шымкент тас жолының 798 шақырымында болған.

Хромтаудан Ақтөбе бағытында, Ақжар ауылының маңында келе жатқан ВАЗ-2109 маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде бұл маневрдің басқа көліктерге кедергі келтірмейтінін тексермеген.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Ақмола облысы ПД

Нәтижесінде қарсы келе жатқан жолақта 38 жастағы ер адам басқарған ГАЗ-31105 көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау ауруханасына жатқызылды.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931826-aqtobe-oblysynda-tas-zolda-bolgan-kolik-apatynan-eki-adam-qaza-tapty-foto/

pixel