Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты 12 қыркүйекте кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

"Sazle 60 маркалы автобусты басқарған жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мәметова көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті", - дейді Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның сөзінше, түрлі дене жарақатын алған жаяу жүргінші дереу ауруханаға жеткізілген.

"Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - дейді полиция өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам жарақат алып, екі адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Зардап шеккендер Үштөбе қаласының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді.

Одан бөлек, Ақтөбеде адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болғанын жазған едік. Lexus көлігі мен "Газ-278814" соқтығысуы салдарынан жол талғамайтын көліктің жолаушысы салоннан құлап кеткен. Оны Ақтөбе Жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда жолаушы алған жарақатынан есін жимастан көз жұмғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931838-almatyda-avtobus-zayau-zurginsini-qagyp-ketti/

pixel