Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік, найзағай, тұман: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Үсік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазгидромет мамандары 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасап, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

14 қыркүйекте Атырау облысының батысында және орталығында тұман күтіледі.

14 қыркүйекте таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 14 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 14 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз 14 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14, күндіз 15 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік -батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік шығыста 3 градус үсік күтіледі. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931848-usik-naizagai-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel