Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туған әкесі": Алматыда ер адам үш айлық сәбиге зорлық көрсетті деп күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 3 айлық нәрестеге өзінің туған әкесі зорлық көрсеткен. Азғынның бұл әрекетін баланы өз қамқорлығына алған қайырымдылық қор жетекшісі мәлімдеді. Оксана Маралованың айтуынша, нәрестенің анасы бұл жағдайға көз жұма қараған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қайырымдылық қор жетекшісі 3 айлық сәбиді осыдан 1 жыл бұрын көшеден кездестіргенін жеткізді. Жанында 9 және 12 жастағы ағалары болды, дейді Оксана Маралова. 13 жасар әпкесі де бар көрінеді.

"Кішкентаймен және оның ағаларымен көшеде де кезігіп қалдым. Олар нәрестегі сүт, айран алып беру үшін қайыр сұрап отыр екен. Сәбидің хәлі нашарлап кеткен. Әбден әлсіреген. Анасына хабарласып, балаларды бірден дәрігерге апардым", - деді ол.

Қор жетекшісінің сөзінше, анасы балаларының артынан келуге асықпаған.

Хабарласқан да жоқ, іздемеді де дейді, Оксана Маралова. Сондықтан балаларды қамқорлық мекемесіне орналастырған. Ал үш айлық сәбиге дәрігерлер ота жасау керек екенін  айтқан. Жүрегінде сырқаты бар баланың тыныс алуы қиындапты.

"Ота алдында нәрестенің жүргегін ауыстырмақ болдым. Сол кезде оның жыныс мүшесінің сау емес екенін байқадым. Дәрігерлерге геморрой ма дегенімде, бірден азғындық жасалғанын айтты", - деді қор жетекшісі.

Оксана Маралованың сөзінше, сәбиге бұндай қатыгездік жасаған анасының көңілдесі.

Әйелдің өзі де мұны мойындапты. Бірақ полицияға арыз жазбайтынын айтқан.

"Кішкентайға өзінің туған әкесі зорлық көрсеткен. Бірақ ол менің заңды күйеуім емес. Мен полицияға кейіннен арыз жаздым. Бастапқыда оған сенімді болмадым. Оны құртқан ішімдік", - деді сәбидің анасы.

Қазір келіншек жанармай орталықтарының бірінде жұмыс істеп жүргенін жеткізді. Ал балаларға баруға әзір мүмкіндік жоқ деп отыр.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген полиция қызметкерлері тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып істің мән-жайы анықталуда. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылатын болады", - деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Евгений Лысенко.

Автор: Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931855-tugan-akesi-almatyda-er-adam-us-ailyq-sabige-zorlyq-korsetti-dep-kudikke-ilindi/

pixel