Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лисаковскідегі атышулы атысқа байланысты тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Аңшы аңшылықта77
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда Лисаков қаласының тұрғыны - 65 жастағы ер адам көрші тұратын әйелге және оның қызына оқ атқан. Оқиға орнына келген полицияға да бағынбай, оларға да оқ жаудырған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Елді дүрліктірген оқиға Лисаков шаһарындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ер адам екі көршісін "Сайга" аңшы мылтығымен атып тастады. Алған жарақатынан анасы қаза тауып, қызы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

"Ол адамның бәріне оқ жаудырды. Тәртіп сақшылары келмегенде не боларын да білмеймін. Сонда да полиция қызметкерін жарақаттады", - дейді оқиға куәгері Валентина Тавруева.

Куәгерлердің сөзінше, үйдің кіре берісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты дау туып, соңы үлкен жанжалға ұласқан. Ашуға булыққан ер адам  құқық қорғау саласының қызметкерлеріне де бағынбаған. Оларға қарсы оқ жаудырып, бір тәртіп сақшысын жаралаған. Полицейлер жағдай қиындап бара жатқан соң күдіктіге қарсы оқ атып, оны қолға түсірді.   

"Алған жарақатынан күдікті ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар жараланған әйел мен тергеушіге көмек көрсетілді. Қазір жағдайлары жақсы. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Қайыржан Күдебаев.

Ал облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева атыс кезінде жарақат алғандар туралы айтып өтті.

"33 жастағы әйел дереу жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше сағат операция  жасалды. Қазіргі таңда оның жағдайы сәл тәуірленді. Бірақ жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Ал 1993 жылы туған полиция қызметкерінің иығы жараланған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды. Қазір емдеу қабылдап жатыр. Жағдайы орташа", - деді ол.

Атыс кезінде күдікті он бес рет, полицейлер сегіз рет оқ атқан.

Көршісін атып өлтірген зейнеткердің бұрын күзет агенттігінде жұмыс істегені анықталды. Зейнеткерлікке шыққан соң аңшы мылтығын сатып алып, құзырлы орындарға тіркеген. 

Қазір сараптама  жұмыстары жүргізіп жатыр. Ал прокуратура полицейлердің қару қолдану заңдылығын зерттеуге кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931857-lisakovskidegi-atysuly-atysqa-bailanysty-tyn-derekter-paida-boldy/

pixel