Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстаннан келген 35 қандас еліміздің қай өңірлеріне қоныстануы мүмкін

Опубликовано:

Қандастар
Фото: СІМ

Өткен аптада Ауғанстаннан арнайы ұшақпен келген қандастар еліміздің бес өңіріне қоныстандырылатын болды деп хабарлайды Aibat жаңалықтар қызметі.

9 қыркүйекте Ауғанстаннан келген қандастар Қазақстанның бес облысына қоныстана алады. Ол жерлерде арнайы квота бар, оған сәйкес қандастар 200 мың теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады және тұрғын үйді жалға алуға қаражат алады.

"Отбасының бір мүшесіне 70 АЕК (2021 ж. 204 190 теңге - ред. ескертпесі), одан кейін бір жылға дейін 30 АЕК (87 510 теңге - ред. ескертпесі) жалға берілетін тұрғын үйге бөлінеді. Яғни, қандастарымыз жайғастырылатын аймақтар қатарына Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр.

Біз оларға заң тұрғысынан бәрін түсіндірдік, Еңбек министрлігімен бірге көрсеттік. Әрине, бірінші кезекте олардың қалауы ескерілетін болады, олардың қайда тұрғысы келетіні ескеріледі», - деді Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстаннан келген этникалық қазақ тәліптер режимінің қорқынышты тұстарын еске алған еді. Ол отбасымен бірге алты жыл бұрын Ауғанстанның Құндыз қаласынан Алматы облысы Қарасай ауданына көшіп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931869-qazaqstannyn-bes-oniri-auganstannan-kelgen-35-qandasty-qabyldai-alady/

pixel