Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған тұрғын қолға түсті

Опубликовано:

Күдікті
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлады деп күдіктелген азамат қолға түсті. Ол жылқыны жеңіл көлік салонына тірідей салып алған. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшылары күдіктінің Ұлан ауданында тұратын 31 жастағы азамат екенін анықтады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, күдікті еркін жайылымнан мал ұрлап, ұрланған малды сатып алушы табылмайынша тірі күйінде ұстауды әдетке айналдырған.

Айта кетерлігі, ер адам малды көлік салонының артқы орындығына салып алған. Оны полицейлер кезекті ұрлық үстінде ұстады. Кейіннен көлік салонындағы жылқының иесі табылды. Ол жылқысы ұрланғанынан мүлде бейхабар болған.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы "мал ұрлығы" дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Күдіктінің осыған дейін бірнеше жылқы мен бұзау ұрлағандығы белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, ұрланған малды сатып алушылар анықталып жатыр", - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда көлікті тонап кеткен 26 жастағы бойжеткен ұсталғанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда көлік аккумуляторларын алып қашқан ұрылар камераға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.

Көлік иелері меншігіндегі заттарының жоғалғанын біліп, шұғыл полицияға жүгінген. Көп ұзамай тәртіп сақшылары екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931870-sqo-da-zenil-kolik-salonyna-urlangan-zylqyny-tiridei-salyp-algan-turgyn-qolga-tusti-video/

pixel