Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды
Опубликовано:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 801 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлайды.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 324,
Алматы қаласында - 611,
Шымкент қаласында – 99,
Ақмола облысында – 187,
Ақтөбе облысында - 104,
Алматы облысында - 218,
Атырау облысында - 77,
Шығыс Қазақстан облысында - 152,
Жамбыл облысында - 31,
Батыс Қазақстан облысында -31,
Қарағанды облысында - 381,
Қостанай облысында - 156,
Қызылорда облысында - 44,
Маңғыстау облысында - 86,
Павлодар облысында - 197,
Солтүстік Қазақстан облысында - 75,
Түркістан облысында - 28.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 845 388-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 4 386 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта 15 308 пациент стационарда, 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 1 196 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланса, 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 13 қыркүйекте 3 088 адамның коронавирус жұқтырғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931873-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-edauir-azaidy/