RU

Ресейде уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды

Түрме
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресей Ішкі істер министрлігі уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен Александр Мавридиді Мәскеуде қолға түсірді деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеді.

Ер адам Митино ауданындағы Дубравная көшесінде қолға түскен. Ол қарсылық танытуға тырысқан. Алайда күштік құрылымдар күдіктіні залалсыздандырып, тергеу комитетінің аумақтың бөлімшесіне жеткізген.

Еске сала кетсек, Ресей Ішкі істер министрлігі уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен қазақстандық Александр Мавридиді ұстауға көмектескені үшін 1,5 миллион рубль (шамамен 8,6 млн теңге) сыйақы тағайындаған еді.

"Іздеуде жүрген адамның тұрғылықты жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандар полицейлерге тез арада мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 02, (495) 994-50-64, (495) 609-77-06.

Хабарласқандардың жеке басының құпиялылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі", – деп хабарлаған еді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931879-reseide-uaqytsa-ustau-izolyatorynan-qasyp-ketken-er-adam-ustaldy/