RU

Бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 83 адам көз жұмды

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады деп хабарлайды ведомство Telegram каналында.

Соңғы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте елімізде 2801 адамнан коронавирус анықталған еді. Тағы 4386 адам індеттен айықса, 73 адам коронавирустан қайтыс болған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмония диагнозы 24 адамға қойылса, 10 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ тағы 10 адам аурудан көз жұмды.

Қазіргі уақытта 76 858 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 15 308 пациент стационарда, 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сондай-ақ 1 196 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931903-bir-taulikte-koronavirus-pen-covid-19-belgileri-bar-pnevmoniyadan-83-adam-koz-zumdy/